"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУ"


Бүгін 12.12.2023ж И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі базасында “Жаңа Қазақстан. Бүртұтас ұлт. Жас маман” онкүндігі аясында “Өз елінің патриоты жемқорлыққа жол бермейді” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Облыс көлеміндегі ТжКБ беру ұйымдарының білім алушыларымен инженер педагогтардың арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыру. Аталмыш шараға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департаментінің құрметті спикері Ә.Б.Жаппасбаев және колледждің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс-офицері Б.Д.Дүрман қатысты.

Дөңгелек үстел барысында білім алушы студенттер өздерінің ойларымен және пікірлерімен бөлісті.

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің әртүрлі әдіс тәсілдерін ұсынды. Сол ұсыныстарына сәйкес ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департаментінің құрметті спикері Ә.Б.Жаппасбаев және колледждің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс-офицері Б.Д.Дүрман дөңгелек үстелдің бас сарапшылары ретінде студенттердің және дөңгелек үстелге қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп сыбайлас жемқорлыққа байланысты ҚР жаңа заңдарымен таныстырды. 

Дөңгелек үстел қызу және қызықты өтті. Шара соңында жүргізушілер арнайы пән оқытушылары Д.С.Нурманова және А.Б.Махамбетова дөңгелек үстелге қатысушылармен қонақтарға алғыс айтып, дөңгелек үстелді қорытындылады.


Директордың блогы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
Аким КызылордыПрезидентДамуАдилет