Колледж туралы



1930 жылғы Қазалы малдәрігерлік зоотехникалық техникумы, 1947 жылғы гидромелиоративтік техникумы  және 1979 жылғы теміржол көліктері техникумынан  бастау алған Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде жылдар өте төмендегідей өзгерістер орын алды:

 



  • Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1997 жылғы  8 мамырдағы № 814 қаулысы негізінде Қызылорда ауылшаруашылық, политехникалық және теміржол колледждерін біріктіру арқылы қайта құрылды.

 

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы қаулысына сәйкес, Облыстық білім басқармасының 2003 жылғы 16 қазандағы №278 бұйрығы негізінде Қызылорда аграрлық техникалық   колледжіне мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері, техникум түлегі Исатай Әбдікәрімовтың есімі берілді.

 

  • «Қазақстан Республикасын индустриалдық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламасы жобаларын білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін базалық университеттер мен колледждерді дамыту жоспарын бекіту туралы»ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 шілдедегі №452 бұйрығына сәйкес үздік 10 оқу орындарының қатарына Қызылорда облысы білім басқармасының «И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны енгізілді.

 

  • Қызылорда облысының әкімдігі 2017 жылғы 7 наурыздағы № 729 қаулысымен Қызылорда облысының білім басқармасы «И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны  Қызылорда облысының білім басқармасы «И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны  болып қайта аталды.



Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Аким КызылордыПрезидентДамуАдилет