Озат тәжірбе мектебі

ОЗАТ ТӘЖІРИБЕ МЕКТЕБІ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ ШЫҢДАУ АЛАҢЫ


Үздік педагогикалық әдістерді енгізу мақсатында озат тәжірибелі «Тәлімгер» мектебі құрылған. Тәжірибелі оқытушылардың кәсіби біліктілігін шыңдап, жаңа технологияларды игеруіне жағдай жасауға бағытталған.

Озат тәжірибе мектебінің мақсаты: озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату, оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, инновациялық білім беру әдістерін енгізу, оқу үдерісінің тиімділігін арттыру және білім сапасын жақсарту.

Озат тәжірибе мектебінің жетекшісі Асанбекова Зәуре Көбелдесқызы. Озат тәжірибелі мектеп жас мамандарды кәсіби дамыту және тәлімгерлік жасау және оқытушылардың ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында белсенді жұмыс жасап келеді.









Озат тәжірибе мектебінің жаңа технологияларды игеру атты шеберлік сыныбы





















«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ АРТТЫРУ: ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР МЕН ТӘСІЛДЕР» ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ, жетекшісі Асанбекова Зауре Кубелдесовна












Асанбекова Зәуре Көбелдесқызы - Озат тәжірибе мектебінің жетекшісі, «Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету» облыстық ТжКББҰ арасындағы шеберлік сыныбы

2024ж қыркүйек айы, тәлімгерлер мен жас оқытушылар арасындағы тәжірибе алмасу











Жаңартылған бағдарлама бойынша әдіс-тәсілдер облыстық шеберлік сыныбы, ЖБП оқытушысы Амантайқызы А.



ҒАЛЫМДАР БІРЛЕСТІГІ: ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫҢ ДАМУЫ


Колледждің ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында "Ғалымдар бірлестігі" стратегиялық даму жоспары аясында оқытушылардың ғылыми әлеуетін дамытуға және білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын жетілдіруге бағытталады.

Ғалымдар бірлестігінің негізгі мақсаты 

-Колледж оқытушылары мен білім алушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту.

-Білім беру үдерісіне инновациялық әдістер мен жаңа технологияларды енгізу.

-Ғылыми жобалар мен зерттеулер арқылы колледждің беделін арттыру.

-Халықаралық және республикалық деңгейдегі ғылыми конференцияларға қатысу.

1. Ғылыми семинарлар мен шеберлік сыныптары

2. Колледж оқытушыларының ғылыми жұмыстары

3. Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жобалары

4. Колледждің ғылыми-инновациялық жобалары

5. Ғылыми ынтымақтастық және серіктестік

Жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары және шетелдік серіктестермен бірлескен жобалар ұйымдастырылуда.