«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған мүлдем төзбеу мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында ашық пікір алаңы өткізілді




 

2023 жылдың  26 желтоқсанында И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде жоспарға сәйкес «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған мүлдем төзбеу мәдениетін қалыптастыру»  тақырыбында ашық пікір алаң өткізілді. Аталмыш шараға  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің, Қызылорда облысы бойынша департаменті  Превенция басқармасының бас маманы Искаков Мұрат Бектұрғанбекұлы сарапшылық жасады. Шараға колледждің ұжымы түгел қатысты. Ашық пікір алаңын   колледж директорының орынбасары  Дүрман Бақдәулет Дербісәліұлы ашты. Шараға қатысушыларға арнайы  мекемеден шақырылған бас маманды таныстырып, шараның негізгі мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді. Арнайы шақырылған бас маман   Құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытында әңгімелер өрбітіп, мысалдар келтірді. Сонымен қатар тақырыпқа сәйкес бейне роликтер көрсетті. Қатысушыларды ойландырып жүрген сұрақтарына жауаптар беріп қатысушылардың пікірлерін тыңдап, саралады.


Директордың блогы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
Аким КызылордыПрезидентДамуАдилет