5Жаңалықтар

«Сүйіспеншілікпен кітап сыйла» акциясы



«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында  14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай  И.Әбдікәрімов атындағы  Қызылорда  аграрлық техникалық  жоғары колледж кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Сүйіспеншілікпен кітап сыйла!» атты  акциясы өткізілді. Акцияға жаңа басылымдар мен қатар,қолдануға жарамды тарихи-мәдени құндылықтарын жоғалтпаған ғылыми,көркем басылымдар қабылданды. Халықаралық кітап сыйлау күні – қарапайым және мейірімге толы,барлық адамзатты кітап оқуға шақыратын ерекше мереке. Кітап мәртебесін көтеру мен жастарға кітап оқуды насихаттау мақсатында бұл ұйымдастырылған акция барысында кітапханаға   100- ге жуық кітап тартылды. Сыйға тартылған кітаптардың қатарына қазақ, орыс тілдеріндегі классикалық, көркем және салалық әдебиеттермен толықты. Сыйға тартылған кітаптар классикалық оқу залындағы кітап бұрышына орналастырылды. Акцияға колледжіміздің директоры Б.Абдикаримов директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары М.Айтенова., директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Байғабылов,  Логистика және көлік бөлімінің ВХ-22о оқу тобының топ жетекшісі Абуова А., Ветеринария және ауылшаруашылық бөлімінің арнайы пән оқытушылары Жунусова Н., Шалимова А., Геология және сандық техника бөлімінің оқытушысы Күздеубаева П. және  студенттер,оқырмандар сыйлаған кітаптарымен кітапхана қорын толықтырды. Кітап сыйлау - бағалы құндылық.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Аким КызылордыПрезидентДамуАдилет