9Жаңалықтар

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ – 2024


          Мамандық таңдау  – өмірдің бір кірпішін дұрыс қалау деген сөз. Ал кәсіби бағдар – дұрыс мамандықты таңдау бағытындағы жұмыстар негізі.     2024-2025 оқу жылына колледжге талапкерлерді қабылдауға Қызылорда облысының аудандарындағы мектептердің бітіруші 9-11 сынып оқушыларына, колледж директорының №70 «16» 04.2024ж бұйрығы бойынша кәсіби бағдар жүргізу мақсатында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Байғабылов Т.Б., колледж оқытушылары Сағымбаев Қ.Б., Жунусова Н.Ж., Молдабаева Н.А. Байқоңыр қаласы және Қармақшы ауданданында  17-19.04.2024 ж. күндер аралығында іс-сапарда болды.

         Байқоңыр қаласы және Қармақшы ауданы бойынша мектептердің оқушыларына ақпараттық үгіт- насихат жұмысын жүргізді. Кәсіби бағдар беру кезінде оқытушылар колледждегі мамандықтарды бейнероликтер арқылы таныстырды, ветеринарлық клиника, жылыжай, робототехника, құзіреттілік орталықтарының жұмыстары, әлеуметтік серіктес мекемелер, талапкерлерді қабылдау барысында көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат берілді. Нұсқаулықтар таратылды. Сондай-ақ қысқа мерзімді курстар,білім бағдарламалары туралы мәліметтер айтылып, оқушыларды қызықтарған сұрақтарға жауап берілді.

         ҚҰРМЕТТІ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕК!

         Құзіретті болғың келсе И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжін таңда!!! 

         БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!!!


Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Аким КызылордыПрезидентДамуАдилет