7Жаңалықтар

«ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!»
































           2024 жылдың 23 мамыр күні И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінде «ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. 

           Тәрбие сағатының мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып колледж білім алушыларына құқықтық мағұлмат бере отырып олардың білімдерін қалыптастыру. Ата заңды құрметтуге, адамгершілікке, адалдылыққа, әділдікке қайырымдылыққа тәрбиелей отырып жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу. Білім алушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін, неден басталатынын түсіндіру; Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, ұрлыққа, жемқорлыққа төзбейтін мінез қалыптастыру және дүниетанымдарын кеңейту; Патриоттыққа, адалдыққа тәрбиелеу;

         Аталмыш іс- шара барысында қоғамымыздың күрделі мәселесіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күресудің әр түрлі әдістері айтылып, жағдаяттық сұрақтар сонымен қатар бейнероликтер көрсетіліп білім алушылар арасында белсенді пікір таластар болды. 

Ашық тәрбие сағатына колледждің ардагер оқытушылары және сырттан арнайы шақырылған қонақтар қатысып, іс шара барысында сөз сөйлеп өз пікірлерімен бөлісіп, келелі ойлар айтты.Білім алушылар тақырып аясында салған постерлерін қорғады.

           Іс-шараны ұйымдастырып жүргізген колледж оқытушысы Асан Назерке Тимурқызы барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс айтып, шараны қортындылады.


Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Аким КызылордыПрезидентДамуАдилет