4Жаңалықтар

ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ


2023 жылдың 5 желтоқсан күні И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің студенттермен Білім, денсаулық сақтау, қоғамдық даму басқармалары, полиция департаменті, прокуратура өкілдерінің қатысуымен білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында ақпараттық-танымдық тақырыбында профилактикалық құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Салааралық іс-шараға Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Қазбек Мағжан Қазбекұлы, Қызылорда облысы білім басқармасының тәрбие жұмыстары бөлімінің бас маманы Байғазиева Шолпан Рүстемқызы, Қызылорда қаласы полиция басқармасы ЖПҚБ ЮПБ аймақтық инспектор Романов Батырбек, Жастар денсаулығы орталығының маманы Қалмұратова Айман Задашқызы қатысты. 

Кездесу барысында құқық бұзушылық және қылмыс, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллинг, лудомания, нашақорлықтың алдын алу, зорлық-зомбылық, суицид және ерте жүктіліктің алдын алу және жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді. 

    Әр азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Сондықтан заңды білмеу, оны бұзу - жауапкершіліктен құтқармайтынын жас ұрпаққа үнемі түсіндіруді қажет етеді.

Жиын барысында  қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселеге айналып отырған тақырыптар бойынша Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығы арнайы түсірген бейнероликтер көрсетілді. Шараға 250 дей білім алушы қатысты. 


Директордың блогы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
Аким КызылордыПрезидентДамуАдилет