СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА СҰХБАТ АЛАҢЫ ӨТКІЗІЛДІ
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі және «Асыл Мұра – Орда» қоғамдық қоры бірлесе жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 17.09.2024 ж. «Жемқорлықсыз қоғамға қадам!» тақырыбында сұхбат алаңын өткізді.
Мақсаты: Болашағы мол жастарымызды қоғамымызда кездесетін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық жұмыстарды насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерді дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыру, жеке тұлғалардың еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Іс- шара барысында Қазақстан Республикасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің, Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанындағы, мемлекеттік қайраткерлер мен құрметті мемлекеттік қызметкерлер арасынан құрылған спикерлер пулының мүшесі Айтбенбетов Болатбек Серікбайұлы және комплаенс - офицер Жаппасбаев Әлібек Бақытжанұлы колледж студенттеріне қоғамымыздың күрделі мәселесіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күресудің заңдылықтарын, әдістерін айтып, студент жастардың пікірлерін тыңдады, осы тақырыпта белсенді пікір таластар болды.