1Жаңалықтар

«ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ - БАСТЫ МІНДЕТ»

     Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу болып табылады. 

     Мақсаты: білім алушыларға құқық бұзушылықтың мәнін түсіндіру. Құқық бұзушылықтың түрлерімен таныстыру арқылы заң сыйлағыш тұлғаны қалыптастыру. Тәртіптік,азаматтық-құқықтық, әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылық негіздерінен қазіргі заман адамына ең қажеттерін іріктеп ала білуге үйрету.

     Шараға Қызылорда қалалық полиция басқармасы жедел криминалистика бөлімінің бастығы Касимов Еркебұлан Мұратұлы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Байғабылов Темірхан Бөлегенұлы, колледждің учаскелік полиция инспекторы Романов Батырбек және топ жетекшілері мен білім алушылар қатысты.

     Кездесу барысында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Байғабылов Темірхан Бөлегенұлы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасында топтық төбелеске және құқық бұзушылыққа жол бермеу, жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлері түсіндірілді.

     Сонымен қатар,  Жедел криминалистика бөлімінің бастығы Касимов Еркебұлан Мұратұлы кәмелетке толмаған балдар арасында қоғамдық орындарда - пышақ, кастет сынды суық қаруларды ұстап жүрудің қаншалықты заңсыз екендігін түсіндірді.

     Жиында учаскелік полиция инспекторы Романов Батырбек жастарға құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау, кәмелет жасқа толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күрес бағытындағы жаңа жүктемелерді таныстырып өтті. 

     Студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға полиция қызметкерлері толыққанды жауаптар берді.


Директордың блогы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
Аким КызылордыПрезидентДамуАдилет