1Жаңалықтар

ТӘРТІПТІҢ ЕҢ ТАМАША МЕКТЕБІ - ОТБАСЫ



     2024 жылдың 27 қыркүйек айында И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің 1,2,3,4 курс білім алушыларының ата- аналарына, “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында жоспарға сәйкес  колледж акт залында ата-аналар жиналысы өткізілді. 

     Ата -аналар жиналысының мақсаты: Бала тәрбиесіндегі мәселелерді талқылау, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

     Ата-аналар жиналысына қатысушылар: Колледжі директорының міндетін атқарушы Айтенова Мағрипа Махмутқызы, колледж ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекманов Кажданбек Бекманұлы, Қызылорда облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция басқармасының қызметкері Әбдіразақова Раушан Есенжолқызы, Қызылорда ҚПБ ЖПҚбЮПб УПИ-ры аймақтық полиция инспекторы Алдоңғаров Сабит, Сенімен Болашақ Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы, Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Басаров Әліпби Төлепбергенұлы, колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Байғабылов Темірхан Бөлегенұлы.

     Сала мамандары жиналыста ата-аналарға бала тәрбиесімен айналысуда біршама міндеттерді айқын түсінуді қажет екендігін баса айтса, білім алушыларға ата-аналарды құрметтей білуді, үлкендерге деген құрметтілікті арттырып үйрену азаматтық борыш екендігін түсіндірді. Бала тәрбиесі одан да қымбат екенін, жауапкершілікті сезіне білуді, балалармен сырласа білуді, олардың ойымен санаса білудің қажеттілігін айтты. Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу. Колледж ішілік тәрбие ережелері т.б мәселелер қарастырылды.

     Ата-аналарға түрлі бейнероликтер көрсетіп, біршама ой тастады. Жиын сонында ата-аналар өздерінің оң пікірлерін білдіріп, рақметтерін жеткізді.  



Директордың блогы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
Аким КызылордыПрезидентДамуАдилет