1Жаңалықтар

“Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем” атты пікірсайыс өтті

“Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем” атты пікірсайыс өтті
17 наурыз 2025 жылы колледжде 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай “Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем” атты іс-шара өтті. Іс-шара аясында “Біздің жастар ұлттық құндылықтарымызды дәріптейді ме?” тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырылды.
Пікірсайысқа екі фракция – “ДөпSөz” және “АгроТех” қатысты. Қатысушылар ұлттық құндылықтардың бүгінгі қоғамдағы орны мен жастар арасындағы рөлі жайында тартысты ой өрбітіп, өз ұстанымдарын дәлелдеп шықты.
Тартысты пікірсайыс нәтижесінде “ДөпSөz” фракциясының ойыншылары Дүйсенбайұлы Асылжан мен Шүкірбек Алихан үздік деп танылды. Ал “АгроТех” фракциясының қатысушылары Есентай Аянат пен Әлмағанбет Ерасыл алғыс хатпен марапатталды.
Пікірсайыстың әділ өтуіне Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің “Ақиқат” пікірсайыс клубының төраға орынбасары Мәлік Нұрай төрелік етті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Құрманәлі Әйгерім мен Базартай Шапағат.