22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні, Әз Наурыз мерекесі құтты болсын!
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні, Әз Наурыз мерекесі құтты болсын! Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Сіздерге деген шын жүректен бақыт пен құт-береке, бейбіт өмір тілектерімізді қабыл алыңыз. Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз. Барлық игілікті істер табыспен аяқталып, жемісті еңбек тек қана қуаныш әкелсін.
Ұлттық құндылықты насихаттау барысында «Көлік және коммуникация мамандықтары» бөлімшесінен челленжді ұсынамыз.