1Жаңалықтар

Ұлттық киім – ұлт рухының айнасы!

18 наурыз – Ұлттық киім күніне және Наурыз мерекесіне орай, Кен орындарын игеру және сандық технологиялар бөлімшесінің колледж оқытушылары ұлттық рухты дәріптеу мақсатында ерекше челлендж ұйымдастырды!
Біз ата-бабамыздан қалған асыл мұраны ұлықтай отырып, қазақтың ұлттық киімдерін киіп, мерекелік көңіл-күймен бөлістік. Ұлттық киім – тек сәндік бұйым емес, ол – халқымыздың мәдениеті мен тарихының көрінісі.
Осы бастаманы қолдап, ұлттық киім киіп, суретпен бөлісуге шақырамыз! Өз тамырыңды ұмытпа, дәстүріңді дәріпте!