⚜️«НАУРЫЗ - ЖЫЛ БАСЫ»
«Политехникалық мамандықтар» бөлімшесіне қарасты «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығының 3 курс білім алушылары арасында «Наурыз – жыл басы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік бере отырып, тарихын насихаттау. Халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Наурыз – көктемнің келуін, жаңару мен берекені бейнелейтін түркі халықтарының ежелгі жаңа жылы. Ол 22 наурыз күні атап өтіледі және күн мен түннің теңелуімен сәйкес келеді. Наурыз – табиғаттың жандануын, молшылық пен татулықты дәріптейтін мейрам. Бұл күні адамдар бір-біріне жақсы тілектер айтып, дастарқан жайып, наурыз көже сияқты ұлттық тағамдар дайындайды. Сонымен қатар, түрлі ойын-сауық шаралары, ұлттық спорттық жарыстар өткізіледі. Наурыз – халықтың бірлігі мен достығын нығайтатын маңызды мереке.
Іс-шара барысында білім алушылар Наурыз мерекесімен барша білім алушыларды, қазақ елін құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді.
Топ жетекшісі: Майханова К.О.