КОЛЛЕДЖІМІЗГЕ 95 ЖЫЛ
КОЛЛЕДЖІМІЗГЕ 95 ЖЫЛ
БАЙҚАУ
«ҮЗДІК АРНАЙЫ ПӘН ОҚЫТУШЫСЫ-2025»
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде «Үздік арнайы пән оқытушысы-2025» байқауы өтті. Байқау «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтымен бірлесе отырып өткізілді.
Байқаудың мақсаты білім беру жүйесінде жоғары кәсіби деңгейде жұмыс істейтін арнайы пән оқытушыларды анықтап, олардың еңбек нәтижелерін бағалауға, оқытушылар арасындағы тәжірибе алмасуды ынталандырып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған. Байқау арқылы үздік педагогтарды қоғамға таныту, олардың шығармашылық қызметін қолдау және еліміздің білім беру жүйесін дамытуға ықпал ету.
Байқауды колледж директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Дүрман Бағдәулет Дербісәліұлы өзінің алғы сөзімен ашты. Ұйымдастырылып отырған байқау тек бәсекелестік емес, сонымен қатар білім мен тәжірибе алмасу алаңы. Әрбір қатысушының тәжірибесі мен күш жігері бұл шараның мәнін арттырады деп атап көрсетті.
Байқау нәтижесінде жүлделі I орынды Теміржол мамандықтары ПЦК оқытушысы Асқарова Арайлым Сапарбекқызы иеленсе, жүлделі II орынды Ауылшаруашылығы және экология пәндері ПЦК оқытушысы Шакиева Лариса Бақытқызы және Байланыс және ақпараттық технологиялар ПЦК оқытушысы Қуанышбаева Фариза Болатовна иеленді.
Жүлделі III орынды Ветеринария,зоотехния және технология ПЦК оқытушысы Есекеева Айдана Темірбекқызы иеленді. Қатысушыларымыз Энергетика мамандықтары пәндері ПЦК оқытушысы Жанибекова Зауре Кушербаевна және Байланыс және ақпараттық технологиялар ПЦК оқытушысы Үйсінбаева Гүлмира Тоқшылыққызы Алғыс хаттармен марапатталды.
Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!!!
Келешекте облыстық, республикалық байқаулардың жеңіс төрінен көріне берулеріңізге тілектеспіз!!!