2025 - ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫ

2025 - ЖҰМЫСШЫ
МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫ
КӘСІБИ БАҒДАР -2025
27 наурыз күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Тәрбие,спорт және қосымша білім беру» орталығы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы-сапалы білімнің тұғыры»тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Мақсаты-ұлттық және рухани-адамгершілік, жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеудің жаңа бағдарламалары мен жобаларын, пәндерге интеграциялаудағы сапалы білім алу тәсілдемелерін ұсыну, тәжірибе алмасу.
Семинарға И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Байғабылов Темірхан Бөлегенұлы, мансап және кәсіби бағдар беру орталығының жетекшісі Нурпейсова Алия Алиакбаровна, Ауылшаруашылық мамандықтары бөлімшесінен Сматов Бақытжан Сакенұлы, Райсова Ақнұр Қайратқызы, Караманова Ляйла Камалбековна, Кен орындарын игеру және сандық техника мамандықтары бөлімшесінен Бөлебаева Жанат Алпысбайқызы «Адал еңбек, адал табыс-жарқын болашақ» тақырыбындағы жұмысшы мамандықтарының көрмесіне белсенді қатысты. Көрмеге мамандықтар турасындағы материалдар, оқу-тәжірибе процесінде қолданылатын құрал-жабдықтар, муляждар, көрнекіліктер т.б. ұсынылды.
Семинар барысында құндылықтарға негізделген сабақ: қазіргі заманғы тәсілдер мен технологиялар бөлімінде шеберлік сыныптарын көрсетсе, «Жаңаша оқытуға-жаңаша көзқарас» тақырыбында панорамалық сабақ ұсынылды, үшінші тәжірибелік бөлімінде сабақты жоспарлау үдерісінде ұлттық құндылықтарды кіріктіруді жетілдіру тақырыбында жұмыс көрсетті. Іс-шара соңында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларды марапаттап, сертификаттар берді.