0Жаңалықтар

⚜️ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ


Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы ақпараттық түсіндіру тобының ұйымдастыруымен Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде кездесу өтті.
Кездесуге Философия докторы, АТТ жетекшісі Дәулет Омаров, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Эльмира Тойлыбекова, аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі Қуаныш Жарекеев және колледждің студенттері қатысты.
Спикерлер Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерілген өзекті мәселелер мен «Адал адам-адал еңбек-адал табыс» қағидаттарының маңызын түсіндіріп, "Лудомания қоғам дерті" - бес кеселмен күресу жолдары, жастар арасында вандализм, қауіпті ойындардан сақтану, олардың алдын алу мәселелеріне тоқталды.
Кездесуде түрлі сұрақтар қойылып, маңызды пікірлер айтылды.
Шара соңында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Темірхан Байғабылов келелі кездесу үшін топ мүшелеріне алғысын білдірді.