0Жаңалықтар

«ЛУДОМАНИЯ – БОЛАШАҚТЫҢ ДЕРТІ» ОБЛЫСТЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІ


 2025 жылдың 31 наурыз күні "Дарын" облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі базасында «Лудомания – болашақтың дерті» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында облыстық дебат турнирі өтті.
 Турнирдің мақсаты:
 Қоғамдық сананы ояту – қатысушылар мен көрермендер арасында лудомания (құмар ойындарға тәуелділік) мәселесіне назар аударту, оның жеке адамға, отбасына және қоғамға тигізетін әсерін талқылау.
 Заңнамалық және әлеуметтік шешімдерді зерттеу – Лудоманияға қарсы күрестің тиімді жолдарын қарастыру, мемлекеттік саясат пен азаматтық бастамалардың рөлін талдау.
 Турнир қорытындысы:
Тартысты ойын нәтижесінде 9 фракция арасынан үздік шыққан 4 фракция облыстық білім басқармасының І, ІІ, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды және арнайы номинацияларға ие болды.
 І дәрежелі диплом – Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі “Фаворит”
Сайлау Арман
Абдолла Айжан
 ІІ дәрежелі диплом – Текей батыр Қапықұлы атындағы жоғары колледжі “Ділмар”
Жанасбаева Назерке
Нұрлыбекқызы Нұрай
 III дәрежелі диплом – Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі “actSoz”
Шүкірбек Алихан
Дүйсенбайұлы Асылжан
 III дәрежелі диплом – Болашақ жоғары медициналық колледжі “MEDLIFE”
Нұрболат Аружан
Абдуллаев Ерасыл
 Арнайы номинациялар:
 ҮЗДІК СПИКЕР – Сайлау Арман
 ҮЗДІК ОРАТОР – Шүкірбек Алихан
 ҮЗДІК ТӨРЕШІ – Шыманова Гүлсезім
 ЕҢ МАҚСАТТЫ ОЙЫНШЫ – Нұрханқызы Наргиза
 ДЕБАТТЫҚ КРЕАТИВ – Нұрлан Ерғұлан
 ЕҢ БІЛІМДІ ОЙЫНШЫ – Оспан Айберен ЕҢ СЕНІМДІ ОЙЫНШЫ – Абилгазим Альбина
 ЕҢ ТАПҚЫР ОЙЫНШЫ – Үмбетбаева Гүлжайна
 Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!