0Жаңалықтар

PISA Халықаралық зерттеу жұмыстарына білім алушыларды дайындау, психологиялық қолдау, сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді

PISA Халықаралық зерттеу жұмыстарына білім алушыларды дайындау, психологиялық қолдау, сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді
Тренинг: «PISA халықаралық зерттеуіне білім алушыларда психоэмоционалды жақсы жағдайын қалыптастыру,  мотивация беру»
Мақсаты: Оқушылардың өзіне деген сенімділігін қалыптастыру, шыдамдылыққа, сабырлы болуға, тапқырлыққа баулу, өзін және өзгені үйлесімді қабылдауға үйрету. Алдына қойған мақсатына жетуге деген тілегін қалыптастыру.
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі педагог-психолог  Сейітжан С.М  1 курс білім алушылары арасында PISA халықаралық зерттеуіне  қатысушылармен тренинг өтті және колледж медбикесі  Байжанова.Н білім алушылардың денсаулығына байланысты кеңестер берді . Тренинг барысында білім алушылармен түрлі жаттығулар жүргізілді. Мысалға:  ең бірінші кезекте оқушыларымызды  шеңбер бойына тұрғызып, ерекше амандасу жаттығуы орындалды.  «Мадақтау, мотивация»    жаттығуыда білім алушыларға  өзіне деген сенімділік пен күш жігер беру мақсатында орындалды. «Түйінді шешу» жаттығуы арқылы қандай да бір жағдай немесе қиындық келетін болса осы түйін секілді шығар жолдың болатынын түсіндірілді. «Сөйлемді жалғастыр»,  «Сигнал» жаттыруларыда жүргізіліп өтті. «Менің болашағым !»  тақырыбында денедегі қысымды азайтып, ішкі жан тыныштығын сезінуге релаксациялық жаттығуы жүргізілді. Сондай-ақ, білім алушылар  бір-біріне тілек айтып, сәттілік тіледі. Кері байланыс жасалды. Тренинг барысында қандай сезімде болғандарын және не сезіндің, көңіл-күйлерінің қалай, жаттығулар ұнады ма? - деген сұрақтарға жауап беріп, кері байланыс жасады.