SES - САРАПШЫСЫНЫҢ ДӘРІСТЕРІ ӨТУДЕ

SES - САРАПШЫСЫНЫҢ
ДӘРІСТЕРІ ӨТУДЕ
SES - Senior Experten Service (Германия) қызметі аясында 2025 жылдың 31 наурыз және 18 сәуір аралығында “Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету,жөндеу және пайлалану” саласы бойынша тәжірибелі сарапшы Зиглер Манфред мырзамен бірқатар іс-шаралар мен жоспарлар жүзеге асырылмақ. Бұл бағдарлама колледж қызметкерлері мен оқытушыларының біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған және SES сарапшыларының қызметтерін пайдалануға негізделген.
Германиядағы техникалық білім алудың қолданылатын әдістері мен құралдары, автомобиль құрылысы және автокөліктің жалпы диагностикасы, автомобильдің электр жүйесін, автосканерде жұмыс жасау, AUTEL MAXI SYS ULTRA функцияларын пайдалану, автомобильдің ECU схемасын үйретеді.
Бұдан бөлек, Зиглер Манфред мырза Германиядағы кәсіптік және техникалық
білім беру жүйесінің артықшылықтарын түсіндіруде.