1Жаңалықтар

♻️«ЖАСТАР ЖАҢА ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР ЖОЛЫНДА»





Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі Сіздің тұрақты іргетасыңызды қалыптастыруға әзір
«Геологиялық суретке түсіру, пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлау» мамандығы бойынша геология саласындағы кәсіби мамандарды даярлай отырып, жер қойнауындағы құпияларды ашуға жол салады. Колледжімізде білім алып, жердің тереңдігін зерттеу жолында үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндігіңіз бар. Сіздерге геологияның барлық қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік беріледі, ал біз сіздерді осы жолда әрқашан қолдаймыз!»
🔰Жұмысшы мамандықтар жылына арналған «Жастар жаңа геологиялық жаңалықтар жолында» атты Республикалық студенттер форумына қатысушы студенттерімізге сәттілік тілейміз! Алдағы форум сіздердің ғылыми ізденістеріңіз бен шығармашылық әлеуеттеріңізді жаңа биіктерге жеткізіп, кәсіби маман болып қалыптасуға жол ашатынына сенеміз. Жаңа ашылымдар мен жаңалықтар әлеміне жасаған қадамдарыңыз жемісті болсын!