«Жасанды интеллект және келешектің келбеті: идеядан инновацияға»
Облыстық семинар-практикум
Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің 95 жылдығына орай, Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) және Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі бірлесе отырып, «Кен орындарын игеру және сандық технологиялар» бөлімшесінің «Байланыс және ақпараттық технологиялар» циклының ұйымдастыруымен ТжКББ ұйымдары білім алушылары мен оқытушылар арасында «Жасанды интеллект және келешектің келбеті: идеядан инновацияға» облыстық семинар-практикум өткізілді.
Облыстық семинар-практикум мақсаты:
• Жасанды интеллекттің қазіргі заманғы даму үрдістері мен оның болашақтағы ықпалын, жасанды интеллект негізінде жаңа өнімдер мен шешімдер жасауға арналған практикалық құралдар мен әдістерді меңгеру.
• Жасанды интеллекттің түрлі салалардағы қолданылуын көрсету (медицина, білім беру, бизнес, өндіріс, экология және т.б.).
• Қатысушыларға инновациялық шешімдер мен технологияларды қолдану жолдарын ұсыну.
Облыстық семинар-практикумның бағыттары:
1 бағыт: «Білім берудегі нейрондық желілер және жасанды интеллект: педагогтің болашағы мен тәжірибесі»- оқытушылар арасында өзара тәжірибе алмасу
2 бағыт: «Чат-боттар мен виртуалды көмекшілер: Жасанды интеллекттің қолданылуы»- студенттер арасында сайыс
3 бағыт: «Жасанды интеллект: Шабыт, креатив және прогресс»- әлеуметтік медиа-маркетинг, колледждің әлеуметтік желісін жүргізетін мамандар арасында тәжірибе алмасу.
1 бағыт және 3 бағыт бойынша ТжКББ ұйымдарының оқытушылары арасында тәжірибе көрсеткендері үшін сертификаттар берілді.
2 бағыт бойынша:
І дәрежелі дипломмен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің білім алушысы Қазбек Жандос марапатталды, жетекшісі Скакова Нургул Демесиновна.
ІІ дәрежелі дипломмен Исатай Әбдікәрімов атындағы политехникалық жоғары колледжінің білім алушысы Саматұлы Нұрсұлтан марапатталды, жетекшісі Нурманова Динара.
ІІ дәрежелі дипломмен Текей батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледжінің білім алушысы Ақмұратова Нұрсая Болатқызы марапатталды, жетекшісі Нурмаганбетова Гулнур Бекболатовна.
ІІІ дәрежелі дипломмен М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің білім алушысы Саматұлы Нұрсұлтан марапатталды, жетекшісі Қуаңбаева Марта Мырзабекқызы.
ІІІ дәрежелі дипломмен Қазалы аграрлы-техникалық колледжі» КМҚК білім алушысы Теңізбайұлы Ерімбет марапатталды, жетекшісі Әбілда Нұргул Ерғалиқызы.
Облыстық семинар-практикумды ұйымдастырушылар: Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет), ПЦК төрайымы Фазылова М.Н., цикл оқытушылары.