ТАЗА ҚАЗАҚСТАН - ТАЗА БОЛАШАҚ!
![☘️]()
Бүгін Исатай Әбдікәрімов атындағы политехникалық жоғары колледждің 130-ға жуық қызметкері «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында оқу-өндірістік тәжірибе алаңында сенбілік жұмыстарын өткізді. Жалпы аумағы 150 гектарды құрайтын алаңда тазалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп, қоршаған ортаға жанашырлық танытылды.
![☘️]()
Сенбілік барысында оқу полигоны аумағы қоқыстан тазартылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Еңбектің нақты көрінісі ретінде 300 түп алма ағашы отырғызылды.
![☘️]()
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, колледж ұжымының ауызбіршілігі мен белсенділігін айқын көрсетті.