КОЛЛЕДЖ АРУЫ - 2025

Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде «Колледж аруы - 2025» байқауы өтті. Сайыстың мақсаты - сыры мен сымбаты, ақылы мен парасаты, талғамы мен талабы үйлесім тапқан колледж аруын анықтау арқылы жастарға рухани-эстетикалық тәрбие беру.
Ұлтымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетін жетік білетін 8 аруымыз 4 кезеңнен тұратын сайыста бақ сынасты.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды: 1.Мен қазақ қызымын. 2. Ұлттық құндылығым-рухани қазынам. 3. Өнерлі болсаң, озып көр. 4. Сән көрсетілімі.
Сайысқа төрелік жасаған әділ-қазылар:
1. Дәстүрлі әнші, жыраулар үйінің жетекшісі - Бүркітбай Ақсұңқар.
2. Танымал асаба, шоумен, өнер иесі - Асылхан Жалғас.
3. №125 HIGH SCHOOL мектебінің тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары - Кеңесұлы Әли.
4. Қызылорда қаласының Vise MISS QYZYLORDA 2024 - Сапарбек Ақниет болды.
Бар шеберліктерін салып өнер көрсеткен арулар, сұлулылығы мен сымбаттылығы, ақылдылығы мен инабаттылығы, өзін-өзі ұстай білуі, өнері, ән айту, би билеу, білім деңгейлеріне қарап бағаланды.
Байқау қорытындысы бойынша өзі білімімен, өнерімен, жан-жақтылығымен, "Геология және сандық технология мамандықтары" бөлімшесінің РС-24о тобының білім алушысы Аманбай Айзере жеңімпаз атанып, «Колледж аруы - 2025» атағын иеленді.
Сонымен қатар, байқауға қатысушы аруларымыз үздік өнер көрсеткені үшін марапатталды. Колледждің ару қыздарының сән мен сымбат кеші барлық жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Байқауға қатысқан барлық аруларға алғысымызды білдіреміз!
Сайыс ұйымдастырушылары:
Амантайқызы Айгерім, Бекмұрат Шапағат Сұлтанәліқызы














