6Жаңалықтар

"Жұмысшы мамандықтарын даярлау: Германия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық және тәжірибе алмасу"

"Жұмысшы мамандықтарын даярлау: Германия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық және тәжірибе алмасу"
Исатай Әбдікәрімов атындағы жоғары колледжінде "Жұмысшы мамандықтарын даярлау: Германия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық және тәжірибе алмасу" тақырыбында халықаралық  конференция  өткізілді.
Конференция  мақсаты –  жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және халықаралық серіктестікті нығайту. Ғылымдағы жаңа  озық идеяларды талқылау.
Конференцияға SES  Senior Experten Service қызметі аясында колледж арнайы пән  оқытушыларының біліктілігін арттыру мақсатында дәрістер өткізіп жаткан эксперттер құрылыс мамандықтары саласының сарапшысы - Kay Brummer, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету саласының сарапшысы - Ziegler Manfred және 
"Бастаманы қолдау" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Тулепова Мадина Ерғалиқызы және  атқарушы директоры Сапаржанова Жанат Айдарбекқызы, электр жабдықтары саласының сарапшысы Kurt Richard Ding пен Ақпараттық технологиялар саласының сарапшысы Geining Matthias Zoom платформасымен  тікелей байланыс арқылы қатысты.
Конференция барысында оқытушылар мен эксперттер өз салалары бойынша өзекті сұрақтарды талқылап, сұрақтар қойып еркін форматта пікірлерімен бөлісті. Бұл конференцияның  ерекшелігі конференция алғаш рет  тек ағылшын тілінде өткізілді.
Бұл біздің колледждің алдағы уақытта халықаралық деңгейде оқытушыларымыздың озық тәжірибелерін ағылшын тілінде еркін бөлісе алатынын көрсетеді.
Жұмысшы мамандықтарын даярлау жөніндегі бұл конференция елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, студенттер мен мамандар үшін кәсіби бағдар беретін маңызды алаң болды.