Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің “Кен орындарын игеру және сандық технологиялар мамандықтары” бөлімшесінің “Геологиялық суретке түсіру, пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлау” мамандығының білім алушылары
Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің “Кен орындарын игеру және сандық технологиялар мамандықтары” бөлімшесінің “Геологиялық суретке түсіру, пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлау” мамандығының білім алушылары Абай облысы, Семей қаласында өткен форумға қатысып қайтты. Оған колледжден ГР-23о оқу тобының студенттері Нұрланұлы Нұрмұхаммед, Аймырзаұлы Бақдәулет, Сейтжан Әли барды.
Жұмысшы мамандықтар жылына арналған “Жастар жаңа геологиялық жаңалықтар жолында” атты Республикалық студенттер форумында өз біліктілігін көрсеткен студенттеріміз жүлделі III- орынды иеленді.
Жетекшілері: Садуақасова Индира, Тұрғанова Гулдана.
Республикалық форумнан жүлделі орынды олжалаған білім алушыларымызды құттықтаймыз!