1Жаңалықтар

МАХАББАТ ВИРУСЫ

МАХАББАТ ВИРУСЫ: 
антивирус көмектеспейді
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында   15 сәуір –Ұлттық ғашықтар күні мерекесіне  орай  «Мемлекеттік және шет тілдері» ПЦК оқытушыларының ұйымдастыруымен   колледж студенттерінен құрылған  жастар театры  «Махаббат  вирусы»  сазды-поэтикалық комедиясын сахналады. 
Жастар арасында махаббат пен достық, тазалық пен сезімталдық, адамгершілік туралы мәңгілік ұғымдарды насихаттау мен  білім алушыларды шығармашылыққа баулуды мақсат еткен қойылымда колледж  жастары достарға деген риясыз шынайы көңіл, бала махаббат пен бозбала шақтың тіршілік тынысын бейнеледі.Оқиға желісі басты кейіпкер Ораз  бен оның жолдастары арасында өрбіп,түрлі адамның болмыс-бітімін ашады.Қойылым кейіпкерлерінің барлығы мейірімді, алғашқы кіршіксіз сезім мен жастық жалынның иесі. 
Қойылымның басты ерекшелігі –жастардың албырт махаббатын заманауи тілмен жеткізілуінде. Жанды дауыста орындалған әдемі әндер мен сезімге толы поэзия күлкі мен ішкі толғанысты  қатар өрбітіп,  көрермен жүрегіне жол тапты