1Жаңалықтар

КӘСІБИ БАҒДАР-2025

КӘСІБИ БАҒДАР-2025
ИСАТАЙ ӘБДІКӘРІМОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ-ТЕК ОҚУ ОРНЫ ЕМЕС, БҰЛ СЕНІҢ АРМАНҒА АПАРАР АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫҢ!!!
 Мамандық таңдау-әр адамның өміріндегі ең маңызды әрі жауапты шешімдердің бірі. Ол тек кәсіби жолды емес, сонымен қатар адамның өмір сүру салтын, қаржылық жағдайын айқындайды. Ең бастысы-мамандықты таңдарда өз қабілеті мен қызығушылығына назар аудару қажеттігі.
Осы орайда №8 облыстық санаториялық мектеп-интернатта «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру бағытында колледж мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 95 жылдық тарихы бар Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің мамандары қатысып, колледжде оқытылатын ауылшаруашылығы және техникалық мамандықтардың ерекшеліктері, бизнес бағытындағы тиімділігі, көп салалы бағыттылығы, халықаралық сертификаттталған мамандық т.б ерекшеліктері туралы атап көрсетті. 
ҚҰРМЕТТІ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕК!!!
БОЛАШАҒЫҢДЫ КҮТПЕ, ОНЫ ӨЗІҢ, БІЗБЕН БІРГЕ ЖАСА!!!