3Жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет колледж студенттері арасында республикалық спартакиада өтуде

Қазақстанда алғаш рет колледж студенттері арасында республикалық спартакиада өтуде 

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен облыс әкімдігінің бірлесіп ұйымдастыруымен колледж студенттерінің «Еңбек кубогі – 2025» республикалық спартакиадасы басталды. Айта кету керек, колледж студенттері арасында мұндай спорттық шара кең көлемде алғаш рет өткізілуде. Қызылорда облысының білім басқармасы Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің волейболдан ер балалар командасы қатысуда