0Жаңалықтар

Senior Experten Service

Senior Experten Service (Германия) қызметі аясында 2025 жылдың 31 наурыз және 18 сәуір  аралығында “Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайлалану” саласы бойынша тәжірибелі сарапшы ZIEGLER MANFRED мырзамен бірқатар іс-шаралар мен іс-жоспарлар жүзеге асырылды. 
ZIEGLER MANFRED мырза өзінің қызмет барысында алған дағдылары мен тәжірибесін оқытушылармен бөлісті. Атап айтқанда, 
Автомобиль құрылысы;
Автомобильдің жалпы диагностикасы;
Автомобильдің электр жүйесі;
Автосканерде жұмыс істеу;
AUTEL Maxi SYS Ultra функцияларын пайдалану;
Сонымен бірге, Жеңіл автомобильдің ЭКЮ схемаларын оқып, тәжірибе алмасты.
Автокөлік саласы бойынша келісім шартпен отырған мекемелерге барып, мекеме басшыларымен жүздесті. Атап айтқанда: ЖК «BOSCH»,  ЖШС «Хадия М», «Hyundai», «Тойота», «Қызылорда автобус парк» ЖШС мекемесіне , «ДЭУ 51» ЖШС (Дорожно-эксплуатационные управление-51) мекемелеріне барып, өз тәжірибелерімізбен бөлістік. 
Студенттердің практикалық жұмыстарына көз жеткізді. 
Нәтижесінде толық курсты аяқтаған жөнінде оқытушыларға сертификат табысталды.