![📌]()
Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде білім алушыларға ерте жүктілік, суицид, алдын алу және репродуктивті денсаулығын нығайту мақсатында «Сен ерекшесің» семинар тренинг өткізілді. Білім алушы қыздармен Облыстық Жастар Денсаулығы Орталығы мекемесінің маманы Құлмұратова Айман Задашқызы, Облыстық психикалық денсаулық орталығының психолог мамандары Абдеш Асел Асылбековна, Тлеубай Аяжан Алтынбекқызы өз қатысып, ерте жүктілік, суицид, алдын алу және жастар репродуктивті денсаулығын нығайту тақырыбында әңгіме қозғады.
Тренинг ойындар жүргізіліп, соңында білім алушы қыздар алған әсерімен бөлісіп, пікір алысты.