3Жаңалықтар

«МЕНІҢ ҮЙІМДЕГІ КІТАПХАНАМ» видеочелленджі

«МЕНІҢ ҮЙІМДЕГІ КІТАПХАНАМ» видеочелленджі
Оқуға құштар колледж жобасы аясында Исатай Әбдікәрімов атындағы политехникалық жоғары колледжі кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Менің үйімдегі кітапханам» атты видеочеллендж ұйымдастырылды.
Челлендждің басты мақсаты: Отбасылық демалыс ретінде кітап оқуды насихаттау, үй кітапханасын таныту, жастарды кітап оқуға баулу, ой – өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту. 
Челленджге студенттер мен оқытушылар белсенді қатысып, өз үй кітапханаларымен, сүйікті кітаптарымен, кітап оқуға деген ықыласымен бөлісті. Челлендж аясында қатысушылар өздерінің үй кітапханалары туралы 1-3 мин аралығында креативті бейнероликтер түсіріп, көрерменге рухани әсер қалдырды. Аталған челленджге «Политехникалық мамандықтары» бөлімінің студенттері СП-24о оқу тобының Нургали Танатар, ЭО-24о Әмит Айсултан ерекше белсенділікпен қатысты. Шараға жетекшілік еткен топ жетекшілері С.Жапбарова., З.Жәнібекова үлкен үлес қосты. Сонымен қатар, аталмыш челленджге «Көлік және коммуникация» бөлімінің арнайы пән оқытушысы Қ.Сейілханов қатысып, өзінің жеке сөресімен және сүйіп оқитын шығармаларымен бөлісті. Бұл  студенттерге үлкен шабыт беріп, кітап оқудың маңыздылығын үлгі ретінде көрсетті. Оқытушының белсенділігі шараның мазмұнын байыта түсті. Іс-шараға қатысушылардың еңбектері арнайы марапттармен бағаланды. Оқытушы мен студенттердің бірлесе қатысуы челленджді мазмұнды, әсерлі етті. Кітап-білім мен рухтың азығы.