1Жаңалықтар

NCCER халықаралық стандарттары бойынша колледж оқытушыларын оқыту тағы да жалғасуда

NCCER халықаралық стандарттары бойынша колледж оқытушыларын оқыту тағы да жалғасуда
2025 жылғы 22 сәуірде Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің базасында 07320100 «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша "Project Supervision" бағдарламасы аясында халықаралық салалық аккредитация шеңберінде NCCER халықаралық сертификатталған нұсқаушыларды оқыту бағдарламасы (ICTP) бойынша колледж оқытушыларын оқыту басталды.
Оқытуды Қазақстандағы NCCER-дің ресми өкілі болып табылатын "АРЕС Training Center" ЖШС командасы жүргізуде.
Мақсат – колледж оқытушыларын NCCER халықаралық стандарттары бойынша болашақта студенттерді оқыту үшін сертификациядан өткізуге дайындау.
Курсты сәтті аяқтап, сертификат алғаннан кейін оқытушылар студенттерге "Project Supervision" бағдарламасы бойынша сабақ өткізуге құқық алады. Бұл өз кезегінде түлектерге мемлекеттік үлгідегі дипломмен қатар NCCER халықаралық сертификатын алуға мүмкіндік береді.
Бұл сертификат – түлектердің Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейтетін негізгі құрал. Ол кәсіби дағдыларды халықаралық жүйе бойынша растайды және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
NCCER (National Center for Construction Education and Research) – көптеген елдерде құрылыс және техникалық салаларда кадр даярлаудың мойындалған стандарты болып табылады.