2Жаңалықтар

КӘСІБИ БАҒДАР-2025

КӘСІБИ БАҒДАР-2025
МАМАНДЫҚТАР КӨРМЕСІ
С.Шаухаманов атындағы «№9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты» МАМАНДЫҚТАР КӨРМЕСІН  ұйымдастырды.
Көрмеге Ә.Н.Бөкейханов атындағы орман шаруашылығының ҒЗИ Қызылорда филиалының директоры Қосанов Самалбек Оразбайұлы, мемлекеттік сот орындаушысы Есентай Гүлнұр Есентайқызы, тіс дәрігері Меңлібек Нұрсат Бағдатұлы, адвокат Жаналбек Асқар Мұсабекұлы, жоба менеджер Ақжігітова Индира Сансызбаевна, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің мансап және кәсіби бағдар беру орталығының жетекшісі Нурпейсова Алия Алиакбаровна және т.б мамандық өкілдері қатысты. 
Мамандықтар көрмесі еркін форматта, оқушылар мен маман иелерінің пікір-алмасуымен өтті. Мамандар оқушыларға мамандықтарына байланысты жан-жақты мағұлмат беріп, олардың қызығушылығын арттырды. Болашақта дұрыс мамандық таңдауға бағыт-бағдар бере отырып, еңбекке баулыды. Іс-шара соңында лицей директоры Сарсенбеков А.Ж көрме қонақтарын Алғыс хатпен марапаттады.