11Жаңалықтар

«ҮЗДІК ЖАС ОҚЫТУШЫ-2024»


И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде «ҮЗДІК ЖАС ОҚЫТУШЫ-2024» байқауы өткізілді.

Байқау мақсаты: Колледж жас оқытушыларын шығармашылық ізденістерге ынталандыру, оқытушылардың  кәсіби деңгейін көтеруге ұмтылыс жасауға ықпал ету, педагогикалық инновацияларды игеруге бағыт беру, озық педагогикалық тәжірибелерді өндіріске енгізу және тарату. 

🛜Байқау 4 кезеңнен тұрды. I кезең өзін-өзі таныстыру, II кезең панорамалық сабақ, III кезең ситуациялық сұрақтарды шешу, IV кезең шығармашылық толқын (өз өнерін көрсету). Байқауға колледждің 11 жас оқытушысы қатысты. Сайысқа қатысушылардың жұмыстарын  бағалау үшін  қазылыққа  серіктес мекемелерден өкілдер шақырылды. ▫️Мүслімова Бибайша Қыдырқожақызы  - Облыстық оқу орталығы, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі, ▫️Орманов Оразбай Айтбайұлы  -  «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ,  педагогикалық әдіснама кафедрасының аға оқытушысы, ▫️Қарақұл Мейрамкүл Байболатқызы - И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің озат оқытушысы. 

🛜Байқау нәтижесінде Энергетика мамандықтары бөлімшесінің оқытушысы  Базартай Шапағат Есентайқызы бас жүлде, Ветеринария және ауылшаруашылық мамандықтары бөлімшесінің оқытушысы Сматов Бақытжан Сакенұлы 1-орын, энергетика және құрылыс мамандықтары бөлімшесінің оқытушысы Асан Назерке Тимурқызы 2-орын. Рахимова Ақниет Талғатқызы  3-орын. Байқау кезеңдері бойынша  өз өнерлерімен, біліктілігімен, шеберліктерімен ерекшеленген  Сәйпен Ерболат Райымбекұлы «Шығармашыл оқытушы», Бекішова Арайлым Айдарқызы «Жаңашыл оқытушы», Советбай Маралхан Талғатұлы «Дарынды оқытушы», Шамран Серік Әмірханұлы «Өнерлі оқытушы», Сақтапбергенова Арайлым  Жәнібекқызы «Креативті оқытушы», Алданышова Жарқынай Алданышқызы «Ізденімпаз оқытушы», Жорабек Жасұлан Қайратұлы «Өнерлі оқытушы»- номинациялары бойынша дипломдарымен және бағалы силықтарымен марапатталды.

Байқау соңында колледж директорының орынбасары Бақдәулет Дүрман байқауға сарапшылық жасаған қазылар алқасына колледж атынан алғыс білдіріп, байқауға қатысқан оқытушыларды құттықтап шығармашылық табыс тіледі.


🛜Байқау жеңімпаздарын құттықтай отырып, еңбектеріне жеміс тілейміз!!!


Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Аким КызылордыПрезидентДамуАдилет