Тарихта айқын таңбасы, іргелі білім ордасы!

Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғарыщ колледжінің 95 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара жоғары деңгейде өтті. 95 жылдық тарих – бұл ізденіс пен іргелі еңбектің, сапалы білім мен саналы тәрбие берудің, талай буын түлектің өмірлік жолына бағыт-бағдар болған кезең. Шара барысында колледждің даму тарихы мен жетістіктері баяндалып, сала ардагерлері мен ұлағатты ұстаздарға Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар, сондай-ақ мерейтойлық медальдар табысталды.
Колледж түлектері мен демеушілер тарапынан білім ордасына жаңартылған оқу кабинеттері мен заманауи зертханалар сыйға тартылды. Бұл – ұрпақ сабақтастығының, білім мен еңбекті құрметтеудің жарқын көрінісі.
Мерекелік концерттік бағдарламада еліміздің белгілі өнерпаздары мен колледждің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, білім шаңырағының 95 жылдық мерейін асқақтатты.
Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі – техникалық және кәсіптік білім берудің үздік үлгісі, өңірдің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан іргелі орда!