ОҚУ ЖӘНЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ БӨЛІМІ


Бөлім меңгерушісі: Аймбетова Эльмира Сейткәрімқызы

Байланыс нөмірі: тел: 8 705 953 79 07

Білімі: жоғары



Оқу бөлімі оқу орталығының негізгі құрылымдық бөлімшесі болып табылады және оқу барысын жоспарлау, ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асырады. Оның қызметі Қазақстан Республикасының білім министрлігінің бұйрықтары мен басқа да нормативтік актілерін, оқу орталығы бастығының және оның оқу ісі жөніндегі орынбасарының бұйрықтары мен өкімдерін жүзеге асыруға бағытталған.

Оқу бөлімі төмендегілерді қамтамасыз етуге жұмылдырылған:

- белгіленген мерзім ішінде тыңдаушылардың қажетті теориялық білім, практикалық біліктілік пен теориялық және практикалық оқытудың үйлесімді арақатынасы;

- оқыту барысына ғылым мен техникалық ең жаңа жетістіктерін, ішкі істер органдарының озық тәжірибесін енгізу;

- пәндерді оқытудың ғылыми және әдістемелік тұрғыда негізделген арақатынасы мен олардың жүйелігі;

- оқыту мен тыңдаушылардың өзіндік жұмысы және оқыту-зерттеу қызметінің өзара байланыстығы, тыңдаушылардың өзіндік жұмысы үшін қажетті жағдайларды тудыру;

- техникалық құралдарды кеңінен қолдануды қарастыратын, оқытудың жаңа және белсенді түрлерін, ғылыми ақпараттарды ұсыну мен бекітудің дәстүрлі әдістерін байланыстыру негізінде оқыту әдістемесін жетілдіру;

- оқу барысының жоғары ұйымдасқандығы, жоспарлылығы және жүйелілігі.

Оқу бөлімі қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып есептеледі:

- оқу барысын ұйымдастыру және жоспарлау;

- оқыту әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және оқу барысына ғылыми-әдістемелік жұмыстың нәтижелерін енгізу;

- оқыту барысына техникалық құралдарын енгізу;

- тыңдаушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру және бақылау;

- оқу процесінің барысын бақылау;

- оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру.

Оқу бөлімі қызметінің басшылығын оқу орталығы бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары және оқу бөлімінің бастығы жүзеге асырады.

Оқу бөлімі қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін оқу бөлімінің бастығы анықтайды және оқу орталығы бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары бекітеді.



Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Аким КызылордыПрезидентДамуАдилет