"ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ САНДЫҚ ТЕХНИКА МАМАНДЫҚТАРЫ" БӨЛІМШЕСІ

Бөлім меңгерушісі: Усманов Үсен Әлайдарұлы

Байланыс мәліметтері:  Тел: 8 747 360 56 47

Білімі: жоғары

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы негізгі факторлардың бірі –оқу орындарында даярланатын мамандар уақыт талабына сай болу керек.Мамандық иелерін білікті етіп даярлау білім ордаларына мемлекет жүктеген ең үлкен жауапкершілік.Бүгінгі күні Геология және сандық техника саласына қатысты мамандықтардың қажеттілігі өрге өрлеп тұрғаны аян. Геология және сандық техника мамандықтары елімізде жыл сайын әр түрлі оқу орындарынан осы саланың 2000-ға жуық мамандары бітіріп шығады. Алғашында «Мұнай және газ» атанған «Мұнай-газ және геология мамандықтары»бөлімшесі 2001-2002 оқу жылында құрылды. Кейіннен  «Кен орындарын игеру және пайдалану» деп аталды, 2021-2022 оқу жылынан бастап «Геология және сандық техника мамандықтары» бөлімшесі болып қайта аталады.Бұл бөлімшеде төмендегі  мамандықтар бойынша мамандар дайындалады.


05320100 — Геологиялық суретке түсіру, пайдалы қазбалар кен  орындарын  іздеу және барлау (түрлері бойынша) 

Біліктілік:4S05320103— техник-геолог

  1. Суретке түсірулерді орындайды және геологиялық карталарды рәсімдейді;
  2. Жыныстардың салыстырмалы жасын және пайда болуын анықтайды;
  3. Ұңғымаларды бұрғылау және тау-кен қазбасын ұңғылайды;
  4. Сынамаларды алады;
  5. Сынамаларды алу, тіркеу және маркалау жөніндегі құжаттаманы рәсімдейді;
  6. Геологиялық графика құрастырады;
  7. Минералдарды және тау-кен жыныстарын анықтайды;
  8. Далалық геологиялық зерттеулерді дайындайды, ұйымдастырады
  9. Минералдық шикізаттарды зерттейді;
  10. Пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеуге және барлауға қатысады;
  11. Геологиялық ақпаратты өңдеу бойынша жұмыстар істей алады.


07321200 — Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін  құрастыру және пайдалану

Біліктілік: 4S07321202 — Газ объектілері құрал жабдығын пайдалану технигі

  1. Газды жабдыққа техникалық қызмет көрсету;
  2. Газды жабдықты жөндейді;
  3. Газды жабдықты пайдалану және жөндеу бойынша слесарь жұмыстарының түрлерін орындайды;
  4. Металдар мен пластмассаларды дәнекерлейді;
  5. Қолданыстағы газды құбырларға авариялық-жөндеу жұмыстары;
  6. Газды бөлу және газды тұтыну жүйелерін салады және монтаждайды;
  7. Газды жабдықты қайта қалпына келтіру бойынша жөндеу бойынша жұмыстар істей алады.


07320600 — «Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау»

 Біліктілік: 4S07320603– техник-механик

  1. Тетіктер мен құралдар материалдарын тексеруді орындайды;
  2. Технологиялық құбырларды монтаждауды жүргізеді;
  3. Технологиялық құбырларды монтаждауды жоспарлайды және учаскенің басқа жұмыскерлерінің жұмыстарына басшылық жасайды;
  4. Технологиялық құбырлар құрылысы және монтаждау бойынша технологиялық операциялардың қосалқы және негізгі жұмыстарын орындайды;
  5. Технологиялық құбырларды дайындайды;
  6. Технологиялық құбырларға жөндеу жұмыстарын жүргізеді және оларды дайындайды;
  7. Жергілікті, магистральдық және желілік құбырларды және олардың имараттарын өндіру үшін жобалау сметалық құжаттаманы рәсімдеу жұмыстарын істейді.


1304000- «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» 

Біліктілік: «Техник-электроншы»

Техник-электроншы маманы өзінің кәсіптік қызметін автоматтандырылған ақпаратты өңдеу әдістерін жасауды үйренеді. Компьютерлік жабдықты пайдалану, ақпаратты беру және оларды пайдалану ережелерімен танысады. Қазіргі заман талабына сай біздің мамандықты таңдаған жас түлек кез-келген жұмыс саласында сұранысқа ие болады. Атап айтқанда байланыс орталықтарында, банк мекемелерінде, ірі компанияларда, кез- келген оқу  орындарында IT саласының маманы ретінде жұмыс істей алады. Заман талаптарына сай техник — электроншы маманы деректер базасымен жұмыс істей біледі, веб-сайттарды HTML және CSS-де жасауды меңгеріп, желілік технологиялармен жұмыс істейді, IT-технологиялар саласындағы кәсіби қызметке дайын маман иесі атанады.

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы білім алушыларды Adobe Photoshop, Corel Draw бағдарламалары, Web парағымен жұмыс істеуді, векторлық, растрлық графика, электронды поштамен жұмыс істеу,  HTML,   Интернет желісін қолдануды үйретеді. Бұл мамандық білім алушылардың қызығушылығын қолдауға және дамытуға, қанағаттандыруға бағытталып,  танымдық белсенділігін қалыптастырады.

Кәсіби саласы:

Мекемелердің  есептеу орталығы, полиграфиялық фирма, жарнама агенттік, жобалаушы, іс қағаздарын жүргізуші

07140900– «Радиоэлектроника, электроника және телекоммуникациялар (түрлері бойынша)»
«Байланыс технигінің» қызмет көрсету аясы:
Телефон, радиобайланыс және радиохабар, телевидение, фототелеграф, бейнетелефон, есептеу орталықтарынан сандық деректерді беру, жасанды спутниктер арқылы ғарыштық байланыс.
Осы мамандық түлектерінің кәсіптік қызмет объектісіне:

байланыс тораптары мен коммутациялау жүйелері;

көпарналы телекоммуникациялық жүйелер;

 радиобайланыс жүйелері мен құрылғылары, оның ішінде радиорелейлік, жерсеріктік және жылжымалы байланыс жүйелері;

дыбыс және теледидар хабарларын таратудың, мультимедиялық техниканың жүйелері мен құрылғылары;

 электронды жүйелерді, соның ішінде беріліс объектілерін басқарудың, ақпаратты өңдеу мен жаңғыртудың электронды жүйелерін;

телекоммуникациялық жүйелерде және тораптарындағы ақпараттық қауіпсіздік құралдарын пайдаланатын мемлекет экономикасының барлық салалары болып табылады.

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы техникалық жоғары колледжі сіздерді «07140500 -Сандық техника (түрлері бойынша)» мамандығын таңдауға шақырады!


«07140500 -Сандық техника (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша модельдік   түлегі студенттерге базалық,   негізгі, жалпы кәсіптік, кәсіби құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді. Жеке өзін-өзі жетілдірудің құзыреттілігі физикалық, рухани, моральдық, зияткерлік өзін-өзі дамыту әдістерін меңгеруге, қазіргі адам үшін қажетті жеке қасиеттерді дамытуға, сауаттылықты, ойлау мәдениетін қалыптастыруға және мінез-құлыққа бағытталған. 

Біліктілік 4S07140504 — Техник-электронщик


Механикаландырылған және автоматтандырылған ақпаратты өңдеу әдістерін меңгеру; Компьютерлік жабдықты пайдалану, ақпаратты беру және өңдеу және оларды пайдалану ережелері;

  1. Механикаландырылған және автоматтандырылған ақпаратты өңдеу технологиясын жасау;
  2. Есеп айырысу операцияларын орындау кезектілігін және техникасын анықтайтын жұмыс бағдарламалары, нұсқаулықтар, маскировкалар және басқа да қолжазбалық материалдармен қолдануға;
  3. Техникалық сақтау құралдарының түрлерін, оларды сақтау және пайдалану ережелерін ажыратуға;
  4. Нөмірлеу жүйелерімен, шифрлармен және кодтармен жұмыс істеу;
  5. Негізгі ресімделген бағдарламалау тілдері болуы керек;
  6. Деректер базасымен жұмыс істей білу;
  7. Веб-сайттарды HTML және CSS-де жасау;       
  8. Бірнеше жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерімен шебер жұмыс жасау;
  9. Желілік технологиялармен жұмыс істеу;
  10. Құжаттарды кәсіби түрде дайындау және жазбаша бағдарламаларға арналған нұсқаулық;
  11. Модельде көрсетілген барлық құзыреттердің жиынтығы осы мамандық бойынша білімі, дағдылары, тәжірибесі бар IT-технологиялар саласындағы кәсіби қызметке дайын. «07140500 -Сандық техника» (түрлері бойынша) түлегінің әлеуметтік-кәсіптік құзыреттілігін құрайды.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Аким КызылордыПрезидентДамуАдилет