«ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ КӨЛІК МАМАНДЫҚТАРЫ» БӨЛІМШЕСІ


Бөлім меңгерушісі: Меңліқұлов Нұр Машарапұлы

Байланыс нөмірі: тел: 8 707 250 07 86

Эл.почта: nur_koke@mail.ru 

Білімі: Жоғары

Біліктілігі: Жоғары санатты, педагог-зерттеуші

 

 

07160500 — Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету

4S07160503 — Техник-электромеханик

  1. Темір жолдардың тартымдық жылжымалы құрамының электромеханикалық машиналар мен жабдықтарды іске қосу, реттеу, пайдалану және сынаумен біледі
  2. Темір жолдардың тартқыш жылжымалы құрамын монтаждауды, жөндеуді, қызмет көрсетуді және пайдалануды ұйымдастырады және басқарады.
  3. Темір жолдардың тартымдық жылжымалы құрамының электромеханикалық аспаптарға қызмет көрсету саласында жұмыс істейді, локомотивтерді жөндеу бойынша слесарлық жұмыстарды орындайды.
  • Тартқыш жылжымалы құрамды пайдалану, жөндеу, ақаулықтарын жою бойынша белгіленген технологияны дәл сақтауды қамтамасыз етеді
  • Жұмыстарды қауіпсіз орындау үшін өндірісті ұйымдастырады

 

07140700 — Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару

4S07140703 — Техник-электромеханик

  1. Теміржолдағы станциялар мен төбешіктердегі пойыздар қозғалысын басқаруға арналған техникалық құралдар кешеніне, автоблоктау және сигнал беру құрылғыларына техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады
  2. Санатқа байланысты сигнализация, орталықтандыру және блоктау құрылғыларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электрик қарапайым немесе күрделі жұмыстарды орындай алады. 
  3. Темір жол автоматикасының және телемеханикасының едендік құрылғыларын сыртқы тазалау, кабельдік желілерді орнату, сыртқы және ішкі тазалау, жабдық бөліктерінің бекітілуін тексеру, сигнал беру, блоктау және блоктау үшін еден құрылғыларының зақымдануын анықтау және оларды жоюды орындайды
  4. Сымдар мен кәбілдерді таңдау, кесу және клеммдерге және шықпаларға жалғайды
  5. Монтаждауға арналған негізгі нүктелерді өлшейді және дайындайды
  6. Электрлік бөлу қалқандарын орналастыру үшін орындарды айқындап, оларды орнатады
  7. Шынжырларды үзілген жерлерінің болу-болмауына сынақтан өткізеді.

 

07320800 — Теміржол құрылысы жол және жол шаруашылығы

4S07320803 — Техник-жолшы, құрылысшы

  1. Темір жол көлігінде темір жол жолдарын, жол дистанцияларын, жол машиналарын ұстау және жөндеу бойынша, дефектоскопия жөніндегі жол зертханаларында, жол өлшеу вагондарында жұмыстарды орындайды
  2. Теміржолдағы жолдың, ғимараттар мен құрылыстардың дұрыс ұсталуын қадағалау, сондай-ақ теміржолдардағы барлық бағынысты жөндеу жұмысшыларының жұмысын басқарады.
  3. Темір жолдарды ағымдағы ұстау және жөндеу бойынша шебер-темір жолдағы ең көп таралған маман, ол темір жол төсемін жөндеу, сондай-ақ жаңа жолдар салу бойынша барлық негізгі жұмыстарды орындайды.

 

 

07160600 — Темір жолдың вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету

4S07140703 — Техник-электромеханик

 Темір жолдың вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамын электромеханикалық қызмет көрсету, жөндеу, пайдалану, сынау темір жол көлігін сынауды орындайды

  1. Поезды жолға шығар алдында поездық электромеханик өзі жауап беретін жабдықтың жай-күйін тексереді. 
  2. Вагонның қозғалысы кезінде құрылғылардың көрсеткіштерін қадағалайды және

кенеттен жабдықтың жұмысында ақаулар болса, ақауларды анықтап, уақытылы жоя алады

  1. Вагонды пайдалануға тапсырар алдында темір жолдардың жылжымалы құрамын тексеріп, сынақтан өткізеді 
  2. Вагонды жөндейді, ақаулықтарды жояды, жұмыстарды қауіпсіз орындау үшін өндірістік жағдайлар жасайды

 

 

 04130200- Логистика

4S04130202-Экспедитор

  1. Теміржолдағы логистика — корпорация, компания, зауыт, фабрика секілді кәсіпорындардың жасап шығарған тауар өнімдерін бір нүктеден екінші нүктеге жеткізумен айналысатын сала. Ол тасымалдау, мүліктеу, қоймалау, қаптамалау және қауіпсіздік сияқты құраушылар бірлесуін қамтиды. Логистика саласына жер, әуе, құбыр жүйесі, кеме, темір жол секілді тасымалдау көлік түрлерін жатқызамыз. Мақсаты: қысқа мерзімде жеткізу, мүліктің сапасын жоғалтпау және өндірістік қуатты жоғарғы деңгейде пайдалана алады.
  2. «Логистика» білім беру бағдарламасының мақсаты заманауи логистикалық әдістерді қолдану негізінде кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттерін шеше алатын, логистикалық қызметтің принциптері мен тұжырымдамаларын кәсіби меңгерген логистикалық процестерді басқару саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады.
  3. Сатып алу және бөлу кезіндегі логистикалық процестерді басқару; тасымалдау; логистикалық тәуекелдерді басқару; қойма және жүктерді өңдеу; қорларды басқару; логистиканы ақпараттық және компьютерлік қолдау; логистикалық жүйелерді басқарады.
  4. Пайдалану сатысындағы маман логистика мен жеткізілім тізбегін басқарудың негіздерін білуі керек: көлік, кедендік рәсімдер, қойма, ақпараттық технологиялар, логистикалық стратегия мен процестерді, логистикалық жүйелер мен олардың ішіндегі қатынастарды (жалпы білім), сонымен қатар бағдарламалық қамтамасыз етудің жалпы қағидаларын біледі.
  5.  Қойма шаруашылығы және есепке алады.


1203000-Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

1203093-Тасымалдаудауды ұйымдастырушы .Техник 

  1. Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару-бұл қозғалыс қауіпсіздігін  қамтамасыз ете отырып, жүк және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастырумен пойыздар қозғалысының тиімді нұсқасын таңдай отырып, жүктер мен жолаушыларға қызмет көрсету арқылы кәсіби әрекеттердің әдістері мен тәсілдерінен, көлік құралдар жиынтығынан тұратын көлік саласы жайлы біледі.
  2. Маневр жұмыстарын ұйымдастыру, пойыздар қозғалысын басқару, станция жұмысының технологиялық үрдісін жасау, тасымалдау үрдісі туралы ақпараттарды өңдеу, ЭЕМ жетік меңгеру мен пойыздар құжатнамасын жасай білу, нормативтік құжатнамаларды қолдана білу, сонымен қатар техникалық пайдалану ережелерін, пойыз қозғалысы маневрлік жұмыс жөнінде нұсқаулық, сигнал беру жөнінде нұсқаулықтарды жетік меңгереді.
  3. Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша учаскелік ревизор, кәсіпорын басшысы, вокзалдар басшысы, көлік кәсіпорындары бойынша кезекші, аға диспетчер, диспетчер, парк кезекшісі, комерциялық ревизор, жүк бөлімінің бастығы, жүк алаңының меңгерушісі, тауар бақылау меңгерушісі, контейнерлік алаң меңгерушісі, жүк пен багажды аға қабылдап-тапсырушы, билет кассирі, билет кассасының меңгерушісі, пойыз құрастырушы, маневрлік диспетчер, бекет кезекшісі, жол өткелдер кезекшісі, міндеттемелерін біледі.

 

07161300 — «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

4S07161304 — техник- механик

  • Автомобильдердің жол торабындағы жұмыс жоспары мен графиктерін жасайды;
  • Автомобильдердегі техникалық қызмет көрсету, жөндеу кезінде, жөндеу технологиялық құралдардың қолданады;
  • Автокөліктердің тиімді және пайдалы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
  • Анықтамалармен жұмыс істеу, чертеждар сызу, құрастыра біледі;
  • Автомобильдің жүрісін басқаруға арналған құрылғылармен жұмыс істей біледі;
  • Өндіріс жағдайында еңбек және технологиялық тәртіпті сақтата біледі;
  • Автокәсіпорынның техника және басқада өндіріс жабдықтарымен қамтамасыз етілуінің есебін жүргізеді;
  • Автомобильді диагностикалау кезінде есептеу техникасын пайдалана біледі;
  • Автокөліктің жалпы құрылымын игереді;
  • Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсетудің негіздерін біледі;
  • Бөлшектердің қалпына келтірудің әдістері мен тәсілдерін қолданады;
  • Автокөліктің электрондық жабдығының жұмыс қабілеттілігін тексереді;
  •  Көлік кәсіпорнында  жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметінің жұмысын ұйымдастырады; Жол қозғалысы қағидаларын сақтайды;

 



Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Аким КызылордыПрезидентДамуАдилет