«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес!» атты дөңгелек үстел өткізілді

«Геология және сандық техника мамандықтары» бөлімшесінің «Байланыс және ақпараттық технологиялар мамандықтары» цикл оқытушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес!» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерді дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыру, жеке тұлғалардың еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ұйымдастырушылар: «Байланыс және ақпараттық технологиялар мамандықтары» циклының оқытушылары.