«Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты ашық алаң өткізілді.


    












     И.Әбдікәрімов  атындағы Қызылорда  аграрлық техникалық жоғары  колледжінде   сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік шараларын жүргізуге қатысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру  мақсатында 26.04.2024.ж  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты ашық алаң өткізілді.

      Мақсаты: Болашағы мол жастарымызды қоғамымызда кездесетін сыбайлас жемқорлықтың алдын  алу, профилактикалық жұмыстарды насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерді дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыру, жеке тұлғалардың еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

      Іс- шара барысында қоғамымыздың күрделі мәселесіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күресудің әр түрлі әдістері айтылды, белсенді пікір таластар болды, айтылмыш шара «Ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімінің білім алушылары дайындаған бейне роликпен қортындыланды.


Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Аким КызылордыПрезидентДамуАдилет