Сыбайлассыз болашақ!


     Үстіміздегі жылдың 3 мамыры күні  И.Әбдікәрімов  атындағы Қызылорда  аграрлық техникалық жоғары  колледжінде білім алушылармен оқытушылар арасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру  мақсатында  «Сыбайлассыз болашақ!» атты  дөңгелек үстел өткізілді.

     Мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  күрес туралы заңдарды негізге  ала отырып  құқықтық мағұлмат беру, білімдерін қалыптастыру. Ата заңды құрметтуге, адамгершілікке, адалдылыққа қайырымдылыққа  тәрбиелей отырып жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу.

     1. Білім алушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін, неден басталатынын түсіндіру; 

     2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, ұрлыққа, жемқорлыққа төзбейтін мінез қалыптастыру және дүниетанымдарын кеңейту; 

     3. Патриоттыққа, адалдыққа тәрбиелеу;

     Іс- шара барысында қоғамымыздың күрделі мәселесіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күресудің әр түрлі әдістері айтылып, бейнероликтер көрсетіліп белсенді пікір таластар болды, айтылмыш шарада  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жөніндегі комплаенс – офицері Дүрман Бақдаулет Дербісәліұлы сөз сөйлеп тақырыпқа сәйкес өз пікірімен бөлісті.


Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Аким КызылордыПрезидентДамуАдилет