СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА СҰХБАТ АЛАҢЫ ӨТКІЗІЛДІ



         И.Әбдікәрімов  атындағы Қызылорда  аграрлық техникалық жоғары  колледжі және «Асыл Мұра – Орда» қоғамдық қоры бірлесе жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру  мақсатында 17.09.2024 ж.  «Жемқорлықсыз қоғамға қадам!» тақырыбында сұхбат алаңын өткізді.

    Мақсаты: Болашағы мол жастарымызды қоғамымызда кездесетін сыбайлас жемқорлықтың алдын   алу, профилактикалық жұмыстарды насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерді дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыру, жеке тұлғалардың еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

        Іс- шара барысында Қазақстан Республикасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің, Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанындағы, мемлекеттік қайраткерлер мен құрметті мемлекеттік қызметкерлер арасынан құрылған спикерлер пулының мүшесі Айтбенбетов Болатбек Серікбайұлы және  комплаенс - офицер Жаппасбаев Әлібек Бақытжанұлы колледж студенттеріне қоғамымыздың күрделі мәселесіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күресудің заңдылықтарын, әдістерін айтып, студент жастардың пікірлерін тыңдады, осы тақырыпта белсенді пікір таластар болды.


Директордың блогы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
Аким КызылордыПрезидентДамуАдилет