«9 желтоқсан- Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні»




🖍📒2024жылдың 9 желтоқсан күні И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде «9 желтоқсан- Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні» аясында «Сыбайлас жемқорлық және қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

🖍Іс-шара мақсаты:

1. “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіру, оның пайда болу жағдайлары,   қоғам дамуына тигізетін кері әсерлері және олардың жолдарын кесу  

2. Біздің  қоғамымызды  қалыптастыратын дамытатын  жас жеткіншектеріміздің санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алатын мәдениетті қалыптастыру.

 🖍Іс шараға: 

1. Директордың оқу әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары  және колледждің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері 

Дурман Бағдаулет Дербесәліұлы және колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. 

🖍Дөңгелек үстел  сыбайлас жемқорлық тақырыбында видеоролик көрсетумен басталды, сол көрсетілген ролик аясында шараға қатысушылар өз пікірлерін ашық айтып, сыбайластықтың алдын алдын алып болдырмау үшін ұсыныстарын ойларын ортаға салды. 

🖍Іс шара барысында колледж студенттері арнайы шақырылған қонақтарға өздерінің ойландырып жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды. 

Шара соңында Директордың оқу әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары  және колледждің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері Дурман Бағдаулет Дербесәліұлы келген қонақтарға, оқытушыларға, студенттерге алғыс айтып, дөңгелек үстелді қорытындылады.