7Жаңалықтар

КӘСІБИ БАҒДАР - 2024. Сырдария, Қазалы аудандары


      И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде жыл бойы кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізіліп келеді. 

     Мектепте өткізіліп отырған іс-шараларға белсене қатысу, колледжде мектеп оқушыларына мамандық таңдауға байланысты кездесу, саяхат ұйымдастыру т.б.

     Сәуір айының бастапқы он күндігінде Сырдария, Қазалы ауданы мектептеріне кәсіби бағдар беру жұмыстары ұйымдастырылды. 

     Сырдария ауданы бойынша оқытушылар Сүлеймен Б.С.Бисенбаев Б.Б, Майханова К.О, Баймұрат С.А, 🔹️Қазалы ауданы бойынша Дүрман Б.Д, Нурпейсова А.А,Утепова М.К, Сисембиев Н.Ж, Жакенова Б.Ж кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Оқытушылар оқуға қабылдау ережелерін, материалдық-техникалық базаны таныстыра отырып, колледж артықшылықтарын атап өтті.

     Біздің артықшылықтарымыз:

1.Халықаралық аккредитация, яғни  бізден бітірген мамандардың дипломы шетелдерде жұмыс жасауға жарамдылығында;

2.Практикаға бағытталған білім беру бағдарламалары арқылы білім беруде;

3.Жас маман жобасы бойынша 312 млн. теңгеге алынған құрал-жабдықтармен жарақтандырылыған оқу кабинеттері мен оқу зертханаларының жұмыс жасауында;

4.Мамандар үшін клиника мен жылыжайдың жұмыс жасауы;

5.Материалдық-техникалық базаның заманауи жарақтандырылуы;

6. Оқытушылардың сапалық құрамының жоғарылығы.

        Құрметті мектеп бітіруші түлектер! Сіздерді 93 жылдық тарихы бар И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжіне оқуға шақырамыз!

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Аким КызылордыПрезидентДамуАдилет