🌸 Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмірдің шуағы

Бүгін колледжімізде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай "Ана-гүл, ана-жыр, ана-өмірдің шуағы" атты мерекелік кеш өтті!
Бұл кеш аналарымыз бен аруларымызға арналып, ерекше жылулық пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жігіттер қауымы әсем әндер шырқап, қыздарымыз ұлттық би билеп, нәзік жандыларға деген құрметі мен сүйіспеншілігін өнер арқылы жеткізді.
Кеш барысында колледжіміздің еңбегі сіңген ұстаздары мен қызметкерлері ерекше марапаттарға ие болды. Оларға білім саласына қосқан үлестері мен шәкірт тәрбиесіндегі еңбектері үшін алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
Салтанатты жиында колледж директоры Жунисов Абайбек Талғатұлы құттықтау сөз сөйлеп, ұлағатты ұстаздарымыздың еңбегін жоғары бағалады. Осындай құрметке ие болған әрбір ұстазымыз – болашақтың жарқын шамшырағы екені сөзсіз!
Кеш қонақтарының жүзінен шаттық көрініп, зал мерекелік көңіл-күйге бөленді. Осындай тамаша сәттер алдағы уақытта да жалғасын таба берсін!
Барша нәзік жандыларды көктемнің шуақты мерекесімен тағы да құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке, жүректеріңізге махаббат пен қуаныш тілейміз!