3Жаңалықтар

«Кітаптар желісімен түсірілген көркем фильмдер» Виртуалды кітап көрмесі

"Оқуға құштар колледж" жобасы аясында Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжі кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 12 наурыз күні баспа кітаптарын оқуды мультимедиалық өнімдерді пайдалануды  ұштастыру арқылы оқырмандарды көркемдік және рухани тәрбиелеу мақсатында "Кітаптар желісімен  түсірілген көркем фильмдер" атты виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 
«Политехникалық мамандықтар» бөлімшесінің 1 курс студенттері және «Ауылшаруашылық мамандықтар» бөлімшесінің 3 курс студенттері топ жетекшілері А.Ахметова., Б.Бекмұратова  қатысты. 
Іс-шараның мақсаты: Көркем әдебиеттің құндылығын насихаттау және студенттер мен оқырмандарды классикалық және заманауи шығармалармен таныстыру, елімізде осы кітаптар желісі арқылы түсірілген фильмдер жайлы түсінік беру болды. Көрмеге әлемдік және қазақ әдебиетінің ең үздік экранизацияланған туындылары ұсынылып олардың кітап нұсқаларымен салыстырылды.
Көрме барысында көрермендер кітаптардың киноиндустрияға әсері, әйгілі экранизациялардың тарихы және әдеби шығармалар мен олардың экрандағы бейнесі арасындағы байланыс туралы мағлұмат алды.
Көрменің басты бөлімдері:  
1. «Қазақ әдебиетінің экрандағы көріністері. Әдеби шығармалардың киноға айналуы».
2. Әлемдік бестселлерлер мен олардың экрандағы көрінісі.
Бұл виртуалды көрме  кітаптар мен киноның тығыз байланысын көрсетеді. Әдебиет пен кинематография қатар дамып, бірін-бірі толықтырып отырады. 
Оқырмандарға кітап оқудың маңыздылығын, әдебиеттен  шабыт алудың мүмкіндіктерін көрсету- басты мақсатымыз болды. Көрермендер фильмдер мен кітаптардың үзінділерін тамашалап, өз ойларымен бөлісті. Бұл шара жаңа таным мен шабыт сыйлап,кітап пен кино өнерінің ажырамас байланысын тағы бір мәрте дәлелдеді. Оқырмандарға көркем туындылардың мазмұнын, әр түрлі жанрдағы кітаптар желісімен түсірілген фильмдерді байланыстыра отырып кітаптар арқылы кино әлемінде киноны көруге ғана емес, оқуға да болады. Әрбір кітаптың өзіндік мәні, тарихы бар. Әдебиет пен кино – бір бірімен тығыз байланысқан өнер түрлері. Фильмдер арқылы біз кітаптардың жаңа қырларын аша аламыз, ал кітаптар арқылы киноның терең мазмұнын  түсінеміз.