Құрылыс саласындағы халықаралық тәжірибе алмасу :Германиялық сарапшының колледжіміздегі миссиясы

Құрылыс саласындағы халықаралық тәжірибе алмасу :Германиялық сарапшының колледжіміздегі миссиясы
2025 жылдың 26 наурызынан бастап И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде Германияның SENIOR EXPERTEN SERVICE (SES) ұйымының аға сарапшысы Kay Brummer қатысуымен құрылыс мамандықтары оқытушылары арасында тәжірибе алмасу алаңы өтуде.
Бұл бастама – халықаралық деңгейде біліктілікті арттырудың, жаңа әдістер мен тәсілдерді меңгерудің, техникалық және экономикалық мәселелерді шешу жолдарын талқылаудың тиімді алаңы. Kay Brummer өз қызмет барысында жинақтаған тәжірибесімен бөлісіп, оқытушыларға заманауи құрылыс технологиялары, инновациялық оқыту әдістері және кәсіби құзыреттілікті арттыру бағытында пайдалы кеңестер ұсынуда.
SES бағдарламасы – қайта даярлау, біліктілікті арттыру, жаңа әдістерді енгізу салаларында сараптамалық қолдау көрсететін жетекші халықаралық бастамалардың бірі. Бұл жоба аясында оқытушылардың ғана емес, болашақта студенттердің де халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу мүмкіндігі арта түспек.
Жаһандану дәуірінде халықаралық ынтымақтастық кәсіби дамудың негізгі факторына айналуда. Құрылыс саласындағы әлемдік трендтер мен тәжірибелерге қол жеткізу – бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың кепілі. Германиялық сарапшының қатысуымен өтіп жатқан бұл шара – Қазақстандағы білім беру мен кәсіби даярлық сапасын жаңа деңгейге көтерудің тағы бір маңызды қадамы.