21Жаңалықтар

«Тұманбай жыры –тұнған сыр»


«Тұманбай жыры –тұнған сыр»
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық  жоғары колледж кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 26 наурыз күні  Атаулы күндер айлығы аясында  қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан мемлекеттік сыйлық иегері және Физули атындағы халықаралық сыйлық иегері, ақын Тұманбай Молдағалиевтің  90 жылдығына  орай «Тұманбай жыры –тұнған сыр» атты поэзия сағаты өтті.
Іс шараның мақсаты: Ақынның шығармашылығын дәріптеу, оқырмандарға Тұманбай Молдағалиевтің поэзия әлемін тереңірек таныстыру, жастарды әдебиетке баулу.
Шараға «Политехникалық мамандықтары» бөлімінің 1курс студенттері және топ жетекшісі С.Жапбарова және  арнайы пән оқытушысы  З.Бекмолдаева қатысты. Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беріліп, оның сырлы да нәзік лирикасы,патриоттық жырлары оқылды. Қатысушылар  ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған  «Туған ел» және «Бақыт жайлы» әндерді орындап, кештің сәнін келтірді. Шара соңында ақын шығармашылығына арналған бейнеслайд және арнайы көрме ұйымдастырып, оқырмандар назарына оның кітаптары мен өмір жолын бейнелейтін суреттерді ұсынды. Бұл шара қазақ поэзиясының асыл мұраларын дәріптеу арқылы жастарды әдебиетке тартуға және рухани құндылықтарды насихаттауға баулу болды.